«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарын жою туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 10-1/112 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарын жою туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 10-1/112 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жоспарлы тексерісінің қорытындысы бойынша 2012 жылдың 7 наурыздағы актісінін негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтары жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің м.а.

Е. Аман

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 19 наурыздағы

№ 10-1/112 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жойылған бұйрықтарының

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 5 қазандағы № 317 бұйрығы.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Асыл тұқымды мал зауыты немесе асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер субъектілерге қойылатын, малдардың тұқымдарына және тұрпаттарына сәйкес сандық және сапалық өнімділігі көрсеткіштерінің ең төменгі талаптарын бекіту туралы» 2003 жылғы 26 наурыздағы № 152 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысандарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 519 бұйрығы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.